25 Маусым, 2015

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №435

310 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2015 жылғы 16 маусым, Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-баының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 маусымдағы № 435 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі 1. «Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру, сондай-ақ барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүзеге асыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 мамырдағы № 581 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 40, 503-құжат). 2. «Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру, сондай-ақ барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүзеге асыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 мамырдағы № 581 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 981 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 54, 766-құжат). 3. «Жер қойнауын ұтымды пайдалану саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтірілген залалдың мөлшерін айқындау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 ақпандағы № 139 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 20, 244-құжат). 4. «Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға рұқсат беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 маусымдағы № 720 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 44, 578-құжат). 5. «Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға рұқсат беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 720 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 қазандағы №1144 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., №62, 851-құжат).